Бас редакторлар клубы: Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы - Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы маңызды оқиға
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Журналистер қауымастығы атынан барша қазақстандықтарды, ел Президенті Н. Назарбаевты 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады,
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығында бұл еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірі. Бұл Қазақстан халықаралық қатынастардың маңызды қатысушысы екенін білдіретін жарқын көрініс.
Бұл орында Қазақстан әлемдік аренадағы бейбітшілікті нығайту мен өзара түсіністікке өлшеусіз үлес қосатынына сенімдіміз», делінген құттықтауда.