Бас редакторлар клубы ҚР Президенті сыйлығына үміткер журналистерді анықтайды

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Бас редакторлар клубының ашық мәжілісі өтеді.
None
None

Оның барысында «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі және «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп күтілуде.

Отырыста сондай-ақ Журналистер күнін атап өту тәртібінің тұжырымдамасы талқыланады, БАҚ саласы бойынша ҚР Президенті сыйлығына, грантына және Алғыс хатына үміткерлер ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар