Бас редакторлар клубының атқарушы директоры сайланды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Бас редакторлар клубының кезекті отырысында ұйымның атқарушы директоры сайланды.
None
None

Аталған қызметке журналист Әсем Есілбаева тағайындалды. Ұйым басшысы Кенжеболат Жолдыбайдың айтуынша, Ә.Есілбаева клубтың қаржы мәселесімен айналысатын болады. «Ол өзі - «А» клуб» жобасы авторларының бірі. Бұл өте жақсы бастама болатын. Өкінішке қарай, қазір оның жұмысы тұралап қалды. Мен ойлаймын, біздің клубта ол жобаны жандандырсақ, жақсы болар еді», - деп атап көрсетті К.Жолдыбай.

Бас редакторлар клубының бүгінгі отырысында ұйымның жаңа атқарушы директорына барлығы бірауыздан дауыс беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар