Бас санитар қаулысы: Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың тағы бір қаулысы жарияланды. Құжат бойынша Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жаңартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас санитар қаулысы: Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңарды

Қаулыда Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.

«Осы қаулымен бірге берілген, 3-қосымша бойынша, құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - деп жазылған құжатта.

Құжаттың мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.

Еске салсақ, Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілді.