Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдау күшейеді

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов осындай мәлімет берді.
«Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тұжырымдамада мыналар жоспарланған:
- нарықтың жекелеген қатысушыларына әділетсіз артықшылықтар жасайтын барлық заңнамалық және реттеушілік актілердің күшін жою;
- ШОК үшін реттеушілік кедергілерді қысқарту;
- шектеулі бюджет ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында жеке ресурстар алдында ұжымдық пайдаға артықшылық беру;
- жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнес үшін сапалы өнеркәсіптік, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық ұсынысын жасауды ынталандыру;
- бизнес есептілігін автоматтандыру және цифрландыру;
- рұқсат беру құжаттарын қысқарту», - деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, тиімді және бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға қайта бағдарлау арқылы кешенді қолдау шараларын ұсыну жүйесін қайта қарау ұсынылып отыр.
Тұжырымдаманың ережелерін іске асыру 2030 жылға дейін:
ЖІӨ-дегі ШОК үлесі – 40%-ға дейін;
ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерліктің үлесі – 20%-ға дейін;
ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны – 5 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Тұжырымдаманы қабылдау шағын бизнесті орта және орта бизнеске ірі бизнеске айналдыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде тұтастай экономикаға оң мультипликативті әсер ететін болады», - деді Тимур Жақсылықов.
Аталған шарада Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес нысандарының нақты санын атаған болатын.