Бәсекеге қабілеттілік ең алдымен ұлттық өнердің, ұлттық мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің бәсекеге қабілеттігі ? Мұхтар Құл-Мұхаммед

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бәсекеге қабілеттілік ең алдымен ұлттық өнердің, ұлттық мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің бәсекеге қабілеттігі. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін Алматыда өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті ІІІ пленумында осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Тәуелсіздік жылдарындағы ең көп талқыланғаны - ұлттық идея мәселесі. Елбасы 2005 жылы ұлттық идея деп айтпаса да бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясына арналған бір керемет тезис айтты. Ол - бәсекеге қабілеттілік. Әдетте, бәсекеге қабілеттік деген екі мұнай зауытын не болмаса үш металлургия зауытын салу емес. Бәсекеге қабілеттілік ең алдымен ұлттық өнердің, ұлттық мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің бәсекеге қабілеттігі деп айтар едім. Имам Шәмілдің айтқан бір сөзі бар екен, «кіші халыққа үлкен қанжар керек» деп. Бүгінгі заманның ең үлкен қанжары ? интеллектуалды қанжар. Ол ғылым-білімнің, парасаттың, әдебиеттің, мәдениеттің биіктігі дер едім», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Оның айтуынша, «ғасыр басында америка жұртшылығын, бүкіл англосакс әдебиетін таң қалдырған бір ғажайып тұлға шықты. Таяу Шығыстағы әлі тәуелсіздігін де алмаған, біреу біліп, біреу білмейтін жартылай христиан, жартылай мұсылман кішкентай ғана Ливаннан Сали Ғибран деген жас азамат шығып Америкаға келді. Араб тілінде жазған дүниесін кейін ағылшын тілінде төгілдіріп жазды. Бүгінгі ағылшын әдебиетіндегі ең көп шығарылып, ең көп оқылатын, ең көп басылатын автор болып, бір ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін алдыңғы рейтингте келе жатыр. Бұл кішкентай елден үлкен қанжардың, үлкен парасат иесінің шығуының нақты дәлелі деуге болады».
Соңғы жаңалықтар