«Бәсекелестік туралы» жаңа заңды түсіндіру жөніндегі республикалар шаралар басталды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік пен «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын түсіндіру жөнінде республикалық акция бастады.
None
None
Шара аясында аймақтағы сала мамандары мен мүдделі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері үшін және Қазақстан нарығында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері үшін семинарлар өткізу, заң мен оның ілеспе заңнамалық актілерінің тәжірибелік қолданысы бойынша сарапшылардың консультацияларын өткізу, заңнамалық өзгертулерге арналған «Нарық және бәсекелестік» журналының ілкі жобасын шығару мәселелері қарастырылып отыр. Жоспарланған семинарлардың бірі кеше, ақпанның 16-сында Шымкентте өтті. Ал бүгін, ақпанның 17-сінде Алматы қаласы мен Алматы облысының бизнес-қауымдастықтарының өкілдері мен Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің қызметкерлері бас қосып отыр. Семинарға қатысушылардың алдында кіріспесөз сөйлеген Агенттік төрағасы Мәжит Есенбаев, «Бәсекелестік туралы» жаңа Заңның тікелей амалды заң болып табылатынын және онда нормалардың заң күші бар актілеріне сілтемелер жоқ екенін айта келе, құжаттың алақол бәсекелестіктің жолын кесуге және тұтынушылардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталғанын, бұл шаралардың бүгінгідей дағдарыс заманда айрықша маңызды екенін айтты.Семинарға қатысушылар заңнаманың тәжірибелік қолданысы бойынша өз сауалдарына егжей-тегжей жауаптар алды және жұмыс үшін қажетті құжаттардың толық пакетіне ие болды.
Соңғы жаңалықтар