Бәсекелестікке қатысты бірқатар алпауыт компанияларды тергеу шаралары жүріп жатыр - Үкімет сағаты

АСТАНА.  15 қазан. ҚазАқпарат -  Бәсекелестікке қатысты еліміздің бірқатар алпауыт компанияларына 66 тергеу шаралары жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы  бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.

Мәселен, агенттік төрағасының айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясына қатысты электр энергиясы бойынша шарт жасаудан бас тарту фактісінде тергеу аяқталған. Бұл ретте компанияға 1,4 млрд. теңге айыппұл салынған. Дегенмен аталған факті бойынша сот үрдістері жалғасуда.

«Қазір біз «Қазақстан теміржолы», «Арселор Миттал-Теміртау», «Еуразиялық энергетика корпорациясы», «Екібастұз ГРЭС», «Эйр Астана» секілді бірқатар компаниялар мен субъектілер бойынша 66 тергеуді жүргізіп жатырмыз»,-деді Ғ. Әбдірахымов.

Соңғы жаңалықтар