Бәсекелестікті арттыруға өз ықпалымызды тигізгіміз келеді - «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы

АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жастарға  Елбасы мен мемлекет саясатын түсіндіру арқылы бәсекелестікті арттыруға  өз ықпалымызды тигізгіміз келеді.

Бәсекелестікті арттыруға өз ықпалымызды тигізгіміз келеді - «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы

Оны «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек бүгін Алматыда Қазақтың Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттермен болған кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақ» түлектері қазір мемлекеттік органдарда, ұлттық және түрлі шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдарда  жұмыс жасап жүр. Жастарға Елбасы мен  мемлекеттің саясатын жеткізу үшін 7 жыл бұрын осы қауымдастықты құрған болатынбыз. Түрлі деңгейдегі жоғары оқу орындарында дәрістер оқып,  кездесулер ұйымдастырдық. Соңғы жылдары бұл  шаралар белсенді түрде жүргізіліп жүр», дейді Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, жастар   бүгінгі алған білімдері ертең өздеріне ғана емес елге де пайда әкелетінін  түсінуі керек. Сонда ел экономикасының ғана емес, ұлттың да бәсекеге қабілеттілігі жылдам артатын болады.