Бәсекелестікті дамытуға арналған заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады

Шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырды.
Аталған заң жобасы Қазақстан және Беларусь Республикалары мен Ресей Федерациясы арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіруге бағытталады. Бұдан бөлек, құжат Қазақстанның қолданыстағы монополияға қарсы ұлттық заңнамасын одан әрі жетілдіруді, нарық субъектілері үшін әкімшілік кедергілерін қысқартуды қарастырады. Бәсекелестікті шектейтін нормаларды заң актілерінен алып тастау шаралары да көзделеді.
«Аталған заң жобасын жыл соңына дейін қабылдауымыз және құжат келер жылдың басынан бастап жұмыс істеуі керек. Тоқтала кететін жайт, заң жобасымен айналысатын жұмыс тобы бұл бағытта өз қызметтеріне кірісіп те жатыр. Бүгінгі күнге дейін жұмыс тобына депутаттар мен комитеттерден 169 ұсыныс пен түзетулер келіп түскен екен. Соның 135-і жұмыс тобымен қабылданды. Депутаттар тарапынан берілген 56 ұсыныс Үкіметке қорытынды шығару үшін жолданды», - дейді комитет төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов.
Оның айтуынша, заң жобасын әлі де жетілдіру түсу қажет етіледі. Жиынның мақсаты да сол болып отыр.