Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Кар-Тел - Билайн» компаниясына 155 млн. теңге, «GSM Қазақстанға» 280 млн. теңге айыппұл салды
Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов осылай мәлім етті.
Агенттік төрағасы биылғы жылы роуминг қызметіне қосылу үшін шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайларды теріс пайдалану фактісі бойынша «Кар-Тел - Билайн» маркасымен және «GSM Қазақстан» маркасындағы мобильдік операторларға тергеуді аяқтаған.
«Нәтижесінде операторлар бағасы роуминг бойынша 3 есеге, СМС 2 есеге кеміді. Естеріңізде болса, бұрын роумингке қосылу үшін баланста 15 мың теңге болуы қажет еді. Қазір оның шамасы 3236 теңгені құрайды. Сонымен қатар «Кар-Тел - Билайн» компаниясына 155 млн. теңге айыппұл салынып, ол қаражат бюджетке аударылды. Ал, «GSM Қазақстан» компаниясына 280 млн. теңге айыппұл салынды. Қазір біздің осы шешіміміз бойынша сот ісі жүріп жатыр»,-деді Ғ. Әбдірахымов.