Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының қатысуымен оnline-конференция өтеді
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Наурыздың 17-сі күні BNews.kz порталында - www.bnews.kz - Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы Мәжит Есенбаевтың қатысуымен оnline-конференция өтеді.
«Қазақстанда бәсекелі ортаны дамыту» тақырыбына арналған конференцияда ведомство басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасының негізгі сипаттары, алақол бәсекелестікпен, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықпен күресудің жүйелі шаралары, республиканың әлеуметтік маңызды, сезімтал тауарлы нарықтары туралы әңгімелеп береді.
Сауалдарды www.bnews.kz порталына жайғастыруға немесе [email protected] поштасына жолдауға болады.