Бәсекелестікті қорғау агенттігі ЖОО-ларда монополияға қарсы мәселелер бойынша арнайы пәндер енгізуді ұсынады

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау агенттігі еліміздің жоғары оқу орындарында монополияға қарсы мәселелер бойынша арнайы пәндер енгізуді ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.  

Сөз арасында агенттік төрағасы еліміздегі бәсекелестікті қорғау саласы бойынша кадр тапшылығына назар аудартты.

«Қазақстанның жоғары оқу орындарында монополияға қарсы мәселелер бойынша арнайы пәндер жоқ. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу бағдарламаларына бәсекелестік құқық міндеті жөніндегі пән енгізу, сондай-ақ Қазақстанның жетекші университеттерінде монополияға қарсы реттеу саласындағы мамандар даярлау бойынша базалық кафедралар құру туралы ұсыныстар жолдадық», - дейді Ғ. Әбдірахымов.

Соңғы жаңалықтар