Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президентке тікелей қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын. Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады. Орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен холдингтердің меншігінде 7 мыңға жуық ұлттық нысан бар. Бірақ «Мемлекеттің шаруаны жақсы жүргізе алмайтыны» аксиомаға айналған тәрізді», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар