Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік көмір бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді

АСТАНА.  Қыркүйектің  14-і.  ҚазАқпарат -   Бәсекелестікті  қорғау  жөніндегі агенттік өкілдері,   жылу   кезеңінде   көмір бағасының  негізсіз көтерілуіне, 

Бәсекелестікті  қорғау жөніндегі агенттік көмір бағасының  негізсіз көтерілуіне жол  бермейді

сондай-ақ  көмір  өніміне қолдан дефицит жасауға   жол бермеу керек    деп санайды,  деп    хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бәсекелестікті  қорғау  жөніндегі  агенттікте алдағы жылу   маусымына   байланысты көмір бағасының  мәселелеріне   арналып өткен     кеңесте  осындай мәлімдеме  жасалды.  Кеңеске сондай-ақ  отандық көмір өндіруші компаниялар  мен    Энергетика  және минаралдық ресурстар министрлігінің  өкілдері   қатысты.

Диалог барысында тараптар  коммуналдық-тұрмыстық  кәсіпорындарды,   бюджеттік ұйымдар  мен халықты  көмірмен қамтамасыз  ету  мәселелерін талқылады.

Монопололияға қарсы орган  сонымен бірге,  сауда   тізбегінен арағайындық құрылымдарды  алып  тастау  және   ресурстарға    тең қолжетілімділікті қамтамасыз  ету  қажеттілігіне назар  аударды.