Башар Асад жаппай қырып-жою қаруын қолдануы ықтимал
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Сирия Президенті Башар Асад лажсыз жағдайда көтерілісшілерге қарсы химиялық қару қолдануға әскери бұйрық беруі мүмкін,
деп мәлімдеді Сирияның Ирактағы бұрынғы елшісі BBC News-ке берген сұхбатында.
Наваф Фарестің сөзіне қарағанда, расталмаған мәліметтерге сәйкес, мұндай қару бұған дейін қолданылған болуы да мүмкін. Сонымен қатар ол Сирияның кейбір қалаларында болған бомба жарылыстарын режім өкілдері Әл-Каида содырларымен бірге ұйымдастырғанын айтты.
Фарес президент Асадқа қарсы көтеріліс басталған кезден бастап қазіргі режімді тастап кеткен ең жоғары лауазымды саясаткер болып табылады. Бұрынғы дипломат Баас билік партиясында, Сирия қауіпсіздік органдарында жоғары лауазымды қызметтерді атқарды, сондай-ақ Сирияның әр түрлі провинцияларында губернатор болған, деп жазды bnews.kz.