Башқұртстанда 100 жастағы кейуана алғаш рет автомобиль рөліне отырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанда Кашифа Мухаматшарифовна 100 жасында алғаш рет автомобиль рөліне отырды. Оның ауылдастары мен жергілікті әкімдік мерейтойына орай ақ түсті Daewoo Matiz сыйлады, деп жазады 24.kz.
Әжей 10 бала тәрбиелеп өсірген. Немере, шөбере сүйіп, тіпті шөпшек көріп отыр. Сондай-ақ 100 жастық мерейтойының құрметіне РФ президенті В.Путиннің құттықтау хаты табысталды. Кашифа Мухаматшарифовна 1916 жылы дүниеге келген. Оның анасы да 102 жас жасапты.