Башқұртстанда қалада дрифтинг жасамақ болған жігіт бірнеше көлікті соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанның Стерлитамак қаласында түнде көлігімен дрифт жасамақ болған жүргізуші бірнеше көлікті соқты, деп хабарлады sterlitamakcity.ru.
None
None

Бұл оқиға қазір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Бейнематериалда көлік жүргізушісі К.Муратов пен Артём көшелерінің қиылысынан аса үлкен жылдамдықпен өтіп, темір тұлпарын тежеместен бұрылу әрекетін жасағанын көруге болады. Бірақ, тайғақ жол көлікке ие болуға мүмкіндік бермей, ол жол бойында тұрған бірнеше машинаны соғады. Оқиғадан ешкім жапа шекпеді.

Соңғы жаңалықтар