Башқұртстанда өткен жылы ксенофобтардан 19 адам зардап шеккен

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы Ресейде ксенофобтардың қолынан 40 адам көз жұмып, 180 адам жарақат алған. Бұл мәліметті Адам құқығын қорғаумен айналысатын ұйымның Мәскеудегі бюросының директоры Александр Брод келтірді.

Башқұртстанда өткен жылы ксенофобтардан 19 адам зардап шеккен

Оның айтуынша, ұлтшылдардың кесірінен 46 адам ажал құшып, 299 адам жарақат алған. Ал 2011 жылы 29 адамды ана дүниеге аттандырып, 123 адамға жәбір көрсеткен. 2012 жылы ұлтшылдардың құрбанына айналғандардың қатары артқан.

muslim.kz сайтының жазуынша, мұндай зорлық-зомбылық, әсіресе, Мәскеу қаласында өршіп тұр: ұлтшылдардың қолынан үш адам қаза тауып, 64 адам жарақат алған. Ал Мәскеу облысында екі адам ажал құшып, 24 адам жараланған. Санкт-Петерборда екі адам көз жұмса, 19 адам жәбір көріп, зардап шеккен. Башқұртстанда осындай зорлық-зомбылыққа 19 адам ұшыраған көрінеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, 2012 жылы өзбектер, қырғыздар, тәжіктер, дағыстандықтар, осетиндер, вьетнамдықтар және орыстар ұлтшылардың құрбанына айналған.