Башқұртстанда телефонмен сөйлесіп бара жатқан адамға найзағай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанның Давлекан ауданында оқыс оқиға орын алды. Үш баланың 26 жастағы әкесіне жай түсті.
Жергілікті БСТ телеарнасының хабарлауынша, ер адам күн күркіреп жатқанда Ивановка ауылының маңынан өтіп бара жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен. Найзағай мобильдік аппарат арқылы түскен. Абырой болғанда ер адам аман қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Денесінің көп бөлігі күйіп қалған.
Жай жігіттің денесінің оң жақ бөлігімен өткен, шекесіне түсіп аяғымен жерге кеткен.