Башмаков «супер» президенттік биліктің не үшін керек болғанын түсіндіріп берді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Экс-депутат Анатолий Башмаковтың айтуынша, Президенттің кейбір өкілеттіліктерін Үкіметке тапсырып, Парламенттің бақылаушы функцияларын күшейтетін кез келді. Бүгін мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқыған ғалым әуелде «супер» президенттік биліктің не үшін керек болғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Негізі, бізде президенттік билік қала береді. Алайда бұған дейін ол «супер» президенттік билік болды деп айтуға болады. Ашығын айту керек, бас кезінде ондай билік бізге керек еді. Әлі есімде, Қазақстан Тәуелсіздік алғанда мен Петропавл қалалық партия xатшысы қызметін атқардым. Солтүстік өңір екенін бәріміз білеміз. Сол кезде Қазақстанның басқару жүйесін тас-талқан етуді көздеген ішкі күштер болды. Сепаратистік толқындар да қылтиып шыға келді. Оған қоса, экономика құлдырап, xалық мең-зең болды. Міне, дәл осы уақытта мықты президенттік билік керек болды. Мысалы, Ресейде әлі күнге дейін қала мэрллері облыс губернаторына бағынбайды. Соның салдарынан билік тармақтары арасында келіспеушіліктер бар. Жұмыс жүрмейді», - дейді Башмаков.
null

Ғалымның айтуынша, қазіргі кезде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгерді, xалықтың саяси санасы да өсті. Сондықтан билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу шаралары дер кезінде қолға алынып отыр.
null

«Парламенттің бақылау функциялары күшейеді. Ол - өте дұрыс шешім. Енді, депутаттар бюджет қаражатын жарты жылда бір рет емес, күнде бақылай алады. Кез келген уақытта министрді шақырып, есеп беруді талап ете алады. Ал Үкіметтің жауапкершілігі артады», - деп атап көрсетті экс-депутат.
null  

Соңғы жаңалықтар