«Баск елінің туры» велокөпкүндігіне қатысатын ҚР құрамы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда «Баск елінің туры» атты көпкүндік веложарыс басталды. Оған Astana Qazaqstan Team командасы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Astana Qazaqstan Team құрамы келесідей: Давид Де Ла Крус, Фабио Феллине, Джанни Москон, Хавьер Ромо, Луис Леон Санчес, Кристиан Скарони, Андрей Зейц.

Жарыстағы спорт директорлары: Дмитрий Фофонов, Бруно Ченьялта.

Жарыс 8 сәуірге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар