Баскетбол: «Астана жолбарыстары» жеңіп жатыр, ал «Алматы» және «Тараз» командалары жеңілуде

БІШКЕК. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - «Алматы» клубының екінші турдағы жеңілісі қырғызстандық командаға қыздар арасындағы баскетболдан халықаралық турнирдің көшбасшысы атануына мүмкіндік берді,

Баскетбол:  «Астана жолбарыстары»  жеңіп жатыр,  ал «Алматы»  және  «Тараз» командалары  жеңілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматылық баскетболшы қыздар турнирдің басында жеңіске жетіп, қарсыластары - қазақстандық «Астана жолбарыстары» командасымен кездесуге дейін демалып үлгере алмай қалды. Ойын елордалық қыздардың жеңісімен ? 58:53 есебімен аяқталды. Турниге қатысушы үшінші қазақстандық команда ?«Тараз» клубы алматылықтардан жеңіліп қалғанына қарамастан, қырғыз командасымен ойындарын жақсы өткізді. Бірақ жарыстың басында әлсіз ойын көрсеткен қырғызстандық баскетболшы қыздар, кездесудің соңына қарай бар күш-жігерін салып, ойынды жеңіспен 43:37 есебімен аяқтады. Бүгін турнирдің қорытынды ойыны өтеді.