Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Баскетбол: «Атырау барыстары» ЕАЭО кубогын жеңіспен бастады

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Ереванда өтіп жатқан баскетболдан ЕАЭО кубогында «Атырау барыстары» алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баскетбол: «Атырау барыстары» ЕАЭО кубогын жеңіспен бастады

Еревандағы бірінші ЕАЭО кубогына қатысып жатқан қазақстандық «Атырау барыстары» баскетбол клубы турнирдің алғашқы матчында «Урарту» БК командасынан 74:78 есебімен басым түсті.

Матчтың басынан ойын тізгінін өз қолына алған «барыстар» қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде алғашқы кезеңде «Урарту» тек 9 ұпай жинай алды. Екінші кезеңнен бастап алаң қожайындары есепті қысқарта бастады.

Алайда ойынның басында жинаған ұпайларының арқасында атыраулықтар жеңіске қол жеткізді. Есеп - 74:78 (9:26, 21:18, 16:12, 28:22).

Айта кетейік, Армения баскетбол федерациясы 23-26 ақпан күндері Ереванда клубтар арасында ЕАЭО кубогы үшін халықаралық турнир өткізіп жатыр. Оған «Арсенал» БК (Тула, Ресей), «Урарту» БК (Ереван, Армения), «ЦОР-Борисфен» БК (Могилев, Беларусь) қатысуда. Қазақстан намысын «Атырау барыстары» БК қорғайды.