БАСКЕТБОЛ: Брайанттың спорттық мансабындағы соңғы ойынындағы ауа сатылымға қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Лос-Анджелес Лейкерс" Ұлттық баскетбол қауымдастығы клубының қорғаушысы Коби Брайанттың спорттық мансабында соңғы ойынындағы пакетке салынған ауа eBay аукционында онлайн сатылымға қойылды.
Бұл туралы америкалық TNT телеарнасы хабарлады, деп жазды ТАСС.
14 сәуірде өткен Брайанттың соңғы ойынында "Лос-Анджелес" "Ютой Джаз" құрамасын 101:96 есебімен жеңді. Брайант матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Ол 60 ұпай жинады.
Белгісіз біреулер «Кобидің соңғы ойынының ауасы» деп жазылған пакетті саудаға шығарып, бастапқы баға 1 долларды қойды. Қазір лот құны $13,6 мыңға жетті.