07:19, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Баскетбол: Словения құрамасы Еуропа чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы «Синан Эрдем Доум» стадионында баскетболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчы өтті.
Словения шешуші ойында сербиялықтарды 93:83 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.
Матч барысында Словения ойыншыларының басым екендігі байқалып-ақ тұрды. Ойынның соңғы бөлігінде сербтер есепті теңестірген де еді, бірақ словениялықтар дес бермей, ұтып кетті.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын үшінші орын үшін болған матчта Ресей құрамасы испандықтардан 85:93 есебімен жеңілген еді.