Баскетболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында 2-ші турда астаналықтар үздік шықты
АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда баскетболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-ші тур ойындары аяқталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі турдың қорытындысы бойынша қазір 8 ойыннан кейін 15 ұпаймен Астана мен Павлодар командалары үзеңгі қағыстырып келе жатыр. Алайда соңғы кездесуде «ЕртісПНХЗ» 68:70 есебімен «КАТУ жолбарыстарынан» ұтылып, алғашқы жеңілістің ащы дәмін татты. Бұған дейін мұндай жағдай алғашқы турда астаналықтардың (74:76) басынан өткен болатын. Қазір оларды өкшелеп келе жатқан көкшетаудың «Оқжетпесінде» - 12, ал "Алматы" мен "Тараз" командаларында 9 ұпайдан бар. Көкшетеулықтар 8 кездесуде - 4 рет, алматылықтар 1 рет ойынды өз пайдасына шешсе, тараздықтар жеңілістін көз аша алмады.