Баскетболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында павлодарлықтар көш бастап келеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарашаның 23-інде басталған екінші тур ойындарында әзірге Павлодар мен Астана қалаларының командалары жеңіліссіз келе жатыр. Павлодардың «ЕртісПНХЗ» баскетболшылары «тараздықтарды» 99:32, «оқжетпестіктерді» - 74:56, «алматылықтарды» - 85:51 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі көшбасшылықтарын сақтап қалды. Астананың «КАТУ жолбарыстары» «Таразды» - 84:31, «Алматыны» - 65:35, ал көкшетаудың «Оқжетпесін» - 65:59 есебімен ұтып, 7 ойыннан кейін 13 ұпаймен павлодарлықтарды өкшелеп келе жатыр. Оларды 1 ұпай ғана ажыратып тұр. Енді екінші турдың ақырғы ойындары «Оқжетпес» пен «Тараз», «КАТУ жолбарыстары» мен «ЕртісПНХЗ» арасында өтеді. Өзгелерден 1 ойыны артық алаң иелері қазір 9 ұпаймен тараздықтарды ғана артқа қалдырып, турнир кестесінде 4-ші орында келе жатыр. Олар 2 турдың жалпы қорытындысы бойынша өз алаңында 77:46 есебімен тек тараздықтардан ғана басым түсті.