Баскетболдан БҚО қыздар құрамасы ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО құрамасы Балқаш қаласында 2005-2006 жылғы қыздар арасында өткен ҚР жазғы чемпиоонатынан қола жүлдемен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Баскетболдан БҚО қыздар құрамасы ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды

null
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш додаға барлығы жеті команда қатысып, бақ сынады. Елдос Берғалиев жаттықтыратын БҚО қыздар құрамасы командалық жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Олардың барлығы да - облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. 

«Алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін үзбей жаттығатын боламыз», деді Елдос Берғалиев.
null null