Баскетболдан Қазақстан Кубогының жеңімпазы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» мен «Атырау барыстары» командалары Баскетболдан Қазақстан Кубогының финалында кездесті. 
None
None

Бұл матчтың шешуші финал екені алғашқы минуттардан-ақ сезілді. Командалардың жеңіске деген ынталары зор болды. Ойынның бірінші жартысы «Астана» командасының жеңісімен аяқталды. Матчтың үшінші кезеңінде де атыраулықтар астаналықтарды қуып жете алмады. Үшінші кезеңде 38:47 есебімен «Астана» басымдық танытты, - деп хабарлайды Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Фолдар саны жайлы айтатын болсақ, екі команда да бірдей фол санын жасады деп айтуға болады. Әсіресе, кездесудің соңында шаршаған ойыншылар бірінен соң бірі ескертулер алды.

Жалпы, «Астана» командасы тартысты, қызықты да көрнекті ойын үлгісін көрсетті. Финалдағы матч 46:66 есебімен аяқталды. Қазақстан Кубогын «Астана» баскетбол командасы жеңіп алды.

Одан бөлек, Кубок 2017 финалының бірінші матчында жартылай финалдың жеңімпаздары кездесті. Қостанайлық «Тобыл» мен ақтаулық «Каспий» командалары турнирдің жүлделі орындарын сарапқа салды. Финалдағы матч қызықты да тартысты өтті.

Есепті «Каспий» командасы ашып, алға ұмтылды. Алғашқы он минуттық 16:19 есебімен аяқталды. Алайда, бірінші тайм- аутқа командалар 46:45 есебімен шықты. Ойынның екінші кезеңі «Тобылдың» жеңісімен аяқталды. Төртінші кезеңде «Тобыл» командасы «Каспийліктерді» қуып жете алмады. Кездесу ақтаулық «Каспийдің» жеңісімен аяқталды. Есеп - 86:99. Финалдың бірінші матчында «Каспий» командасы қостанайлықтарды жеңіп шықты. Сонымен, финалдың бірінші матч нәтижелері бойынша әзірге ақтаулықтар алда келе жатыр. 

«Алматылық Легион» мен «Қапшағай» баскетбол командалары Достық спорт кешенінде кездесіп, бесінші орынды сарапқа салды. Әлбетте, екі команда да өрнекті ойын үлгісін көрсетуге тырысты. Ойынның алғашқы минуттарынан «Алматылық легион» алға ұмтылды, ойынның бірінші жартысы 41:46 есебімен аяқталып, алматылықтар басымдық танытты. Кездесу 66:90 есебімен, «Алматылық легионның» жеңісімен аяқталды. Осылайша, «Алматылық легион» Қазақстан 2017 кубогының 5 орын иегері атанды.
Сонымен қатар, баскетболдан Қазақстан Кубогының үздік ойыншылары анықталды. Олар:Ең үздік ширатушы - Рүстем Мұрзағалиев (Астана), ең үздік шабуылдаушы қорғаушы - Рустам Ерғали (Астана), ең үздік жеңіл форвард - Павел Ильин (Атырау Барыстары), ең үздік ауыр форвард - Антон Пономарев (Астана), ең үздік орталық шептегіойыншы - Всеволод Фадейкин (Алматылық Легион). 

 

 

Соңғы жаңалықтар