Баскетболдан Қазақстан құрамасының FIBA рейтингіндегі орны жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық баскетбол федерациясы (ФИБА) үшінші біліктілік бәсекесін өткізгеннен кейін ерлер құрамалары рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Баскетболдан Қазақстан құрамасының FIBA рейтингіндегі орны жоғарылады

Қазақстан құрамасы бірден 5 позицияға көтеріліп, 74-ші орынға орналасты.

Эмиль Райкович командасының активінде 124.3 рейтингтік ұпай бар.

ФИБА Қазақстан құрамасын рейтингте ең жоғары көтерілген бес команданың бірі ретінде атап өтті. Тізімнің бес көшбасшысы өзгеріссіз қалды: АҚШ, Испания, Австралия, Аргентина және Сербия. Грекия командасы Франциямен ауысып, 6-шы орынға ие болды.