Баскетболдан «Үміт кубогі» ҚР Чемпионатының екінші маусымы басталды

АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы «Сосновый бор» шипажайында баскетболдан балалар үйлері мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы «Үміт кубогі» Қазақстан чемпионатының 2012-2013 жылғы маусымының 1-ші туры өтіп жатыр. 21 қазанда басталған бұл байрақты бәсеке 30 қазан күні аяқталады. Оны ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен Қазақстан халық банкі ұйымдастырып отыр.
None
None

ҚР Чемпионаты мәртебесін өткен жылғы маусымда иеленген бұл дүбірлі додаға республиканың түкпір-түкпірінен банк қамқорлығындағы 17 балалар үйі мен мектеп-интернаттың 200-ден астам жас спортшылары қатысуда. Олардың арасына биыл Ақтау қаласының жаңа құрамасы қосылып отыр. Жалпы «Халықтық лига» деп аталатын 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ұзақ мерзімді бұл жобаға отандық жетекші қаржы институты 7 жылдың ішінде 169,7 млн. теңгеден астам қаржы жұмсады. Оның 40,6 млн. теңгесі ағымдағы жылдың еншісіне тиіп отыр.

Соңғы жаңалықтар