Баскетболшы Родман Ким Чен Ынның қызы туралы әңгімеледі
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Американдық баскетболшы Деннис Родман Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ынның Чжу Э есімді кішкентай қызының бар екенін әңгімелеп, оның жеке өмірі құпиясы шымылдығын ашты, деп хабарлады Би-Би-Си.
Британдық Guardian газетіне берген сұхбатында Родман Ким Чен Ынды «өте жақсы әке» деп атап, оның «тамаша отбасының» бар екенін баса айтты.
Жақын күндерде Родман өзінің осы жылғы ҚХДР-дағы екінші сапарынан оралды. Оның сөзіне қарағанда, баскетболдың үлкен жанкүйері «Ким досымен» кездесу оның «баскетбол бойынша дипломатиялық сапар шегуінің» бір бөлігі болды.
Бұрын Оңтүстік Корея БАҚ-тары Солтүстік Корея көсемінің екі қызы бар екенін хабарлаған болатын.