Басков елдері турында «Астана» велоклубының шабандозы 5-орында келе жатыр
АЛМАТЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Велоспорттан биыл 52-рет ұйымдастырылып отырған Басков елдері турында алғашқы 2 кезеңнің қорытындысы бойынша «Pro Team Astana» велоклубының шабандозы үздік бестіктің қатарында келе жатыр.
4 сәуірде басталған бұл дүбірлі додада қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын Яни Брайкович, Робер Кисерловски, Энрико Гаспаротто, Франческо Гавацци, Егор Силин, Александр Дьяченко, Танел Кангерт пен Евгений Петров қорғауда. Александр Шефер мен Дмитрий Седун тізгінін ұстаған астаналықтар сапынан кеше мәре сызығын 7-боп кесіп өткен Франческо Гавацци қазір жалпы есепте 5-орында келе жатыр. Ол 1-кезеңде 9-орын алған болатын. Қазір 2 кезеңнің қорытындысы бойынша үздіктер көшін Movistar Team командасының жүйрігі Жосе Жоакуин Рожас Гил (Jose Joaquin Rojas Gil) бастап келе жатыр.