Баспана бағасы күрт түсетіндей себеп көріп тұрған жоқпын – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко баспана нарығында баға қашан тұрақтанатыны туралы пайымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурыз айының өзінде ғана инфляция 3,7 % болды. Сондықтан бұл жағдай шаршы метр бағасынан көрініс тапқанын сеніммен айтуға болады», - деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында.

Сарапшы жақын арада пәтер бағасының түсу ықтималдығы туралы пайымын айтты.

«Ертең не күтетініміз жақын келешекте мемлекет жылжымайтын мүлік саласына қандай қолдау көрсететініне байланысты. Әлем экономикасында болып жатқан жайттар Қазақстанға қалай әсер ететіні де маңызды. Жуық айларда күтпеген тосын жайттар болмаса, баға тұрақтануы керек. Дегенмен баға күрт түсетіндей алғышарттар жоқ, болмайтын да шығар», - деді Нина Лукьяненко.

Еске салсақ, 1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енді.



Соңғы жаңалықтар