Баспана салғанда бюджет ақшасына қарап отыра беруге болмайды - Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарты жылдың ішінде атқарылған жұмыстар қаралды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әкімдерге бюджет ақшасына қарай бермей, жеке меншік құрылыс саласын дамыту мәселесін де назардан тыс қалдырмауға үндеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Үкімет басшысының айтуынша, өткен аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін бөлінген 210 млрд теңгені қайта тарату шарасын мақұлдады. Енді, ол ақша әкімдіктерге кредиттік баспананы салу үшін аударылатын болады. «Ол қаражатты дұрыс айналдырып, «револьверлік» әдіспен құрылысқа қайта салып отырған жөн. Бірақ жеке меншік құрылыс саласын да ұмытпау қажет. Президент те осы мәселеге ерекше мән берген болатын. Бұл - әкімдердің жұмысы. Бәлкім, Президент аймақтарды аралағанда мемлекеттік бағдарламадан тыс жеке меншік құрылыс компанияларын тарту жұмысы жайында сұрайды. Сондықтан осы мәселені қаперде ұстағаныңыз абзал», - деп атап көрсетті Сағынтаев.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарты жылдың ішінде атқарылған жұмыстар жайында баяндап берді. 

Соңғы жаңалықтар