Баспанаға мұқтаждардың саны ресми көрсеткіштен екі есеге артық - Парламенттік тыңдау

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні елімізде өзінің баспанаға қажеттілігін ресми түрде көрсеткен 200 мың адам кезекте тұр.
None
None

Алайда нақты көрсеткіш бұдан екі есеге артық.  Парламентте  «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев осылай мәлім етті.

«Біршама қаражат жинай алған біздің тұрғындарымыз үшін пәтер сатып алу мәселесі де, үй салу мәселесі де, ең ақыры өзінің баспана проблемасын қалай болса да шешуі де өте күрделі күйінде қалып отырғанын мойындауымыз керек. Бүгінгі күні баспанаға кезекте өзінің қажеттілігін ресми жолдаған 200 мың адам тұр. Ал тап-тар жағдайда, таныс-туыстарының үйінде, әйтпесе жалдап тұрып жатқандары қаншама? Яғни, біз баспағана мұқтаждардың саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп, ең кемі 2 есе жоғары екенін білеміз», - деді Қ. Көшербаев.

Оның айтуынша, тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы 28 млн. шаршы метрді құрайды. Бұл шамамен 400 мың отбасы баспанаға мұқтаж деген сөз.

Соңғы жаңалықтар