Баспананы жалдау нарығында қандай да бір эксцесс байқалмайды – сарапшы пікірі

Баспана жалдау нарығы қыркүйектегі маусымдық сұраныстан кейін тынышталды. Мұндай пікірді Қазақстанның Риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

баспана
Фото: pixabay.com

«Баспананы жалдау нарығы қыркүйекте маусымдық сұранысты бастан кешіріп, қазіргі уақытта тынышталды. Баспананы жалдау нарығында ешқандай эксцесс байқалмайды. Жалға алу келісімшартын сауатты жасағандардың бәрі келісімшарт шарттарын орындап отыр. Қазіргі уақытта бос тұрған, жалдаушыларын іздеген нысандардың бағасы ұсыныстан біршама жоғары болып тұр», - деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Дегенмен, сарапшының айтуынша, баспананы жалдау құны әлі де болса жоғары.

«Жалдау құнын саудаласу стандартты. Ал жалдаушылардың пайымынша, жалға алу бағасы жоғары болып тұр. Егер қандай да бір тосын жайт болса, онда келесі жылы да барлығы әдеттегі стандарт аясында дамитын болады», - деді ол.