Бәссаудада Гагариннің ғарыш кемесінің фрагменті сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауда барысында Юрий Гагарин ғарышқа бірінші рет ұшқан «Восток» ғарыш кемесінің фрагменті сатылады, деп хабарлады «Интерфакс».

Бәссаудада Гагариннің ғарыш кемесінің фрагменті сатылады

«Востоктың» тежегіш қондырғысының фрагментінде бірінші ғарышкердің қолы бар.

Сауда «Луна-2» ғарыш аппаратының Айға қонғанына 65 жыл толуына орайластырылып «Ғарыш жәдігерлері» онлайн-бәссаудасында өтеді. Бәссауда 2014 жылдың 13 қыркүйегінде өтеді.

Сонымен бірге, тілек білдіргендерге Гагарин ішкен коньяктың бөтелкесі мен ғарышкерлердің жабдықтау элементтерін алу мүмкіндіктері бар. Мәселен, Белка мен Стрелканы жаттықтыру үшін пайдаланылған скафандр.