Бассейн маңындағы атыс: үш адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшындық Спалдинг қаласында (Линкольшир графтығы) белгісіз қаскөй бассейн маңында оқ жаудырған.
Салдарынан екі адам ажал құшты. Қаскөй де өлтірілді, деп хабарлады НТВ телеарнасынан.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшыларының қаруды қолданбағаны айтылды.
Сондай-ақ полицияда бұл террорлық шабуыл болмағанын мәлім етті, деп хабарлады Sky News.