Бассейнде 70-тен астам адам хлордан уланды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Американың Индианаполис қаласында бассейнде 70-тен астам адам, оның ішінде бірнеше бала хлордан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Бассейнде 70-тен астам адам хлордан уланды

Қалалық құтқару қызметінің өкілдері хабарлағандай, бассейіндегі хлор қалыпты нормадан артық болған. Химиялық уланудың салдарынан адамдар лоқсып, қатты жөтелген, оған қоса көздері ауырып, қарауытқан. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта барлық зардап шеккендердің жағдайы қалыпты, өмірлеріне еш қауіп жоқ. Индианаполис қаласының әкімшілігі хабарлағандай, келеңсіз оқиға бассейнді тазартудан, яғни сұйықтықты мөлшерден артық құю салдарынан  болған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.