Басшы конкурстан тыс ауысу тәртібімен үш қызметкерді тағайындай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде дайындалған заң жобасы аясында алдағы жылдан бастап конкурстан тыс басшы ауысу тәртібімен үш қызметкерді тағайындай алады.
«Біздің қазіргі дайындаған заң жобасына тоқталатын болсақ, бірінші басшы өзінің көмекшісін, хатшысын, кеңесшісін ауысу тәртібімен өзінің істеп жатқан мекемесіне тағайындау құқығы беріліп отыр. Тек осы қызметкерлер ғана, басқа ешқайсысын жоқ», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің басшысы Әли Көмекбаев.