Бастапқы жарна 0%: Жеңілдетілген лизингпен алғашқы агротехника берілді
Қазақстанда жасалған ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру бағдарламасына өтінім қабылдау биылғы 5 тамызда басталған болатын. Бағдарламаны іске асыру үшін шамамен 1 мың дана трактор, комбайн және өзге де техниканы сатып алуға 40 млрд теңге бөлінді.
Бағдарламаның шарттары:
• лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%;
• лизинг бойынша бастапқы жарна – 0%;
• негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.
Бағдарламаның тиімді шарттары отандық техникаға үлкен сұраныс тудырды. Бүгінгі таңда 15,4 млрд сомасына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 202 өтінім түсті.
«Бұл өте жақсы бағдарлама, шарттары ыңғайлы, бастапқы төлемсіз беру фермерлер үшін үлкен көмек. Осы бағдарламаның арқасында сипаттамасы жағынан жақсы «Кировец» жаңа тракторын сатып алу мүмкіндігіне ие болдық», — деді «Майбасов З.М» шаруа қожалығының өкілі.