Бәстесейік, ұтылсам «шәпкемді» жеп қоямын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдетте «мұндай жайт орын алар болса, шәпкемді жеп қоямын» деген тіркесті ешкім де тікелей мағынада түсінбейтіні анық.

Бәстесейік, ұтылсам «шәпкемді» жеп қоямын

Дегенмен «шәпке жегіш» никін иеленген азамат бүкіл әлем алдында өз бас киімін жеп қойды. Bitcoin виртуралды валютасының бағамына орай досымен бәстескен ол ұтылғаннан кейін мақта шәпкесін азық қылуына тура келді, деп хабарлады The Telegraph.

Ғаламторда жария етілгеніне небәрі екі күн болған видеоны 120 мыңға жуық адам тамашалаған. Басты кейіпкердің айтуына қарағанда, ол мұндай қадамға досымен виртуалды валюта бағамының бір данасының мың доллардан төмен түспейтіндігіне бәс тіккеннен кейін барған. Айта кетерлігі, бәстесу орын алғаннан кейін-ақ биткойн бағамы құлдырап кеткен еді.

Бәсекеге түсуге құмар азамат өз шәпкесін үш бөлікке бөліп, одан бутерброд жасап, 45 минутта жеп тауысқан. Бүгінде YouTube пайдаланушылары оның денсаулығына алаңдаушылық танытуда.

Айта кетерлігі, бәс тігіп, сөзін жерде тастамауға тырысқан әлемдегі жалғыз азамат бұл емес. Таяуда ғана Румыния тұрғыны досын таңқалдыру үшін шанышқыны жұтып қойған болатын.