Бәстескен екеу өз құлақтарын кесіп тастады

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Кемерово облысында бәстескен екі адам өз құлақтарын кесіп тастады.

Бәстескен екеу  өз құлақтарын кесіп тастады

ІІМ аймақтық ММ-нен хабарлағандай, олар Рождество мерекесін жақсылап тойлаған. Әбден қызған соң қол күрестірген.

Екеуінің арасында келісілген талап бойынша, жеңілген адам өз құлағын кесіп тастауы керек. Бірінші «турда» жеңімпаз анықталды. Алайда жеңілгені бұл нәтижемен келіспей, қайта күш сынасқан. Бұл жолы екіншісі басымдық танытты. Тең ойын келіспеушілік туғызды.

Нәтижесінде екеуі де бәстесу талаптарын орындау керек деп шешіп, өз сол құлақтарын кесті. Біреуі толығымен бір құлағынан, екіншісі құлағының жартысынан айырылды. Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді.