Басты міндет - жоғары білім жүйесін еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Мамандар даярлау нарық сұранысына бағытталып жатыр. Ендігі міндет - жоғары білім жүйесін еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру.
None
None

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының жастар саясаты мәселелері бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жайын саралаған Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

«Бұрын көптеген жылдар бойы гуманитарлық мамандықтар басым болып келген. Ал қазір кадрлық даярлау жүйесі нарықтағы нақты сұранысқа сай болып келе жатыр. Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім жүйесінде белсенді жұмыс жүргізуде», - деп тоқталды министр.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, олар кадрлар даярлауды басқарудың жоғары органдары - Ұлттық кеңестің, салалық және аймақтық кеңестердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар ол Елбасының тапсырмасы бойынша оқытудың дуальді жүйесі кең көлемде енгізіліп жатқандығын еске салып өтті. «Ендігі міндет - жоғары білім жүйесін еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру. Қазіргі уақытта оның жеке меншік сегменті көбінесе халықтың сұранысына байланысты болып жатыр. Нәтижесінде көптеген бітірушілер жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандар даярлау нарық сұранысына бағытталып жатыр. Енді мемлекеттік , жеке меншік сегменттерде белсенді шараларды жүзеге асырамыз», - деп түйіндеді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар