Басы дауға қалған Бақтияр Артаев бұның бәрі «біреулердің арандатушылық әрекеті» дейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кешелі-бері ғаламтор беттерінде Бақтияр Артаев бойжеткенді ұрып жықты деген ақпараттың қаулап кеткені рас. Алайда Афины олимпиадасының чемпионы ешкімді ұрмағанын мәлімдеді. 7-арнаға телефон арқылы түсінік берген олимпиада чемпионы бұл жағдайды "біреулердің арандатушылық әрекеті" дейді.

Басы дауға қалған Бақтияр Артаев бұның бәрі «біреулердің арандатушылық әрекеті» дейді

Сондықтан жақын уақытта ушыққан мәселенің анық-қанығына жетіп, оқиғаның ақ-қарасын анықтамақшы. Алайда боксшыдан таяқ жеген бойжеткен Бахтияр Артаевты сотқа беруге бекініп отыр. «Жалпы ол қыздың не мақсатпен ондай істеп отырғанын мен шынын айтсам шамалы түсінбей тұрмын. Бірақ, енді рамазан айында біреуге кінә таққаннан аулақпыз ғой. Сондықтан да, ол қызбен бірінші кездесіп анықтап алайын. Көзінің жасын төгіп, жақсылап сөйлегенге шебер екен. Дегенмен көзбе-көз сөйлесіп, ақ-қарасын айырып алғанымыз жөн», - деді Б. Артаев. Алайда "боксшыдан оңбай таяқ жедім" деп жүрген Айсұлу Ибрашова "Артаевпен кездесуден бас тарттым", - дейді. Өйткені, "тағы да таяқтың астында қаламын ба" деп қорқып отырған көрінеді. Сондықтан мәселені тек сот арқылы шешуге бел буыпты.