Басы қатты қысып ауырған бразилиялықтың миынан тас табылды
Ер адамның басы қатты қысып ауырғанымен қоса, көзі де нашар көре бастаған. Ол дәрігерге алғашқы белгілер біліне бастаған кезден бастап 10 жылдан кейін бірақ көрінген, тексеру барысында науқастың миында кальцийден жинақталған тас тәріздес түйнек бар екені анықталды.
Дәрігерлер оны целиакиядан асқыну салдарынан пайда болған түйнек деп тапты. Целиакия (глютендік энтеропатия) - мультифакториальдық ауру, құрамында глютен (балауыз) ақуызы және бидай, арпа, сұлы сияқты астық тұқымдастарда кездесетін ақуызы (авенин, гордеин және т.б.) бар кейбір тағамдардан аш ішектің бүрі зақымданғаннан болған ас қорыту жүйесінің бұзылуы.
Дәрігерлер науқасқа ерекше тамақтану режімін әзірледі, одан науқас толық жазылып кетпесе де, жағдайы едәуір жақсарады деп күтілуде.