Басымен плафонға кептеліп қалған күшік құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ростов облысының іздеу-құтқару отрядының қызметкерлері басымен пластмасса плафонға (аспалы шамға кигізілетін қалпақ) кептеліп қалған күшікті құтқарды.

 Басымен плафонға кептеліп қалған күшік құтқарылды

«Шамамен 17 сағатта Ростов облысы Новошахтинск қаласының іздеу-құтқару отрядына қолымен күшікті көтеріп алған, қатты алаңдаулы ер адам келген»,-деп баяндады бұл оқыс оқиға жайлы Ростов облыстық іздеу-құтқару отрядының қоғаммен байланыс қызметінің маманы Татьяна Киреева.

Күшік ескі пластмасса плафонға басын тығып, қайта шығарып ала алмаған. Иесінің де бұл қолынан келмеген көрінеді. Іздеу-құтқару отрядының қызметкерлері тістеуікпен пластмассаны кесіп, күшікті тұтқыннан босатты. деп жазады lifenews.ru.