«Бәтеңке» батырының ізбасары шықты: Кембриджде Қытай Премьеріне біреу бәтеңке лақтырды

ЛОНДОН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Кембридж университетінде сөз сөйлеп тұрған кезінде Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаоға біреу бәтеңке лақтырды.
None
None
Дерек көздердің хабарлауынша, аяқ киімді қытай саясаткерінің дәрісіне қатысып отырған, бірінші қатардағы біреу лақтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, әлгі ер адам аяқ киімін шешіп алып, «Осының әңгімесін қалай шыдап тыңдап отырсыңдар!» деп Вэнь Цзябаоға қарай лақтырған. Бәтеңке Қытай Премьеріне тимеген. Әлем елдері басшыларына аяқ киім лақтыру «дәстүрін» Ирак журналисі Мунтазер әз-Зейди бастағанын барша жұрт біледі. Әлемді шулатқан «бәтеңке лақтыру» оқиғасы Бағдадта Джордж Буш пен Ирак премьері Нури әл-Маликидің бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде орын алғанын ҚазАқпарат хабарлаған болатын. «Әл-Бағдадия» телеарнасының 29 жастағы тілшісі Мунтазер аз-Зейди Бушқа бәтеңкесін лақтырып тұрып, «Мынау саған жетім-жесірлерден, Иракта өлтірілгендерден қоштасу сәлемдеме» деп айқайлаған болатын. Журналист оқиға орнында қамауға алынды, қазір ол абақтыда. Әз-Зейди шет мемлекеттің басшысына шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр. Сот оны кінәлі деп таныған жағдайда, журналисті 15 жылға дейін қамау күтіп тұр. Журналисті қорғауға 100-ден астам араб және басқа да елдердің адвокаттары ниет білдіруде. Өз қызметін ұсынғандардың қатарында Ирактың экс-президенті Саддам Хусейннің бұрынғы адвокаттарының бірі Халил әд-Дулейми де бар.
Соңғы жаңалықтар